Мәскеуден Ясауи іліміне қатысты XVII ғасырдың сирек қолжазбасы табылды

Жарияланды 23 Шілде 2026 22:35

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General news бөлімінің журналисі a.tolendi@kursiv.media
Мәскеуден Ясауи іліміне қатысты XVII ғасырдың сирек қолжазбасы табылды / Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Ресей мемлекеттік кітапханасынан Ясауи тариқатының тарихы мен рухани іліміне арналған құнды қолжазба анықталды. Бұған дейін ғылыми ортаға беймәлім болып келген жәдігерді «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының ғалымдары тапты, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Мәскеуге ұйымдастырылған ғылыми экспедиция барысында табылған еңбек «Хужжат әз-Закирин ли-радд әл-Мункирин» («Зікірді терістеушілерге қарсы зікір етушілердің дәлелі») деп аталады. Кезінде Бұқарада жазылған бұл туынды – Ясауи мектебінің тарихын танытатын ең маңызды жазба дереккөздердің бірі.

Қолжазбаның негізгі мазмұны:

  • Сопылық ілім мен жария зікір дәстүрі баяндалады;
  • Қожа Ахмет Ясауи, Хәкім ата және Зеңгі атадан бастау алып, тариқаттың кейінгі өкілдеріне дейін жалғасқан рухани шежіре туралы құнды мәліметтер қамтылған.

Қазіргі уақытта мамандар сирек қолжазбаның ғылыми сипаттамасын әзірлеу үстінде. Алдағы уақытта оның мәтіні өзге белгілі нұсқалармен салыстырылып, мәтінтанулық талдау жасалады. Зерттеу жұмыстары толық аяқталған соң, құнды еңбек ғылыми айналымға енгізілмек.

Сондай-ақ оқыңыз