«Ақтөбе» «Оқжетпесті» жеңіп, ҚПЛ-2026 үздік үштікке кірді

Жарияланды 26 Шілде 2026 10:06

Владимир Мальцев

Владимир Мальцев

Спорт бөлімінің журналисі v.maltsev@kursiv.media
Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
Капитан актюбинцев Иван Ордец спешит поздравить Яни Атанасова, открывшего счет
Ақтөбе капитаны Иван Ордец / фото : Ақтөбе ФК баспасөз қызметінен

«Ақтөбе» өз алаңында Көкшетаудың «Оқжетпес» командасын 2:1 есебімен жеңіп, Қазақстан Премьер-лигасының турнирлік кестесінде үшінші орынға көтерілді.

Қазақстан чемпионатының 19-туры үш матчпен басталды. Бір қызығы, алғашқы үш кездесу де 2:1 есебімен аяқталды.

Маусымды сәтсіз бастаған «Ақтөбе» бас бапкерін ауыстырғаннан кейін нәтижесін біртіндеп жақсарта бастады. Болгариялық Николай Костовтың орнына команданы словакиялық Штефан Таркович қабылдады.

«Оқжетпеске» қарсы кездесуде есеп 5-минутта ашылды. Стандарттан кейін Яни Атанасов допты қақпаға бағыттап, алаң иелерін алға шығарды. 22-минутта Темірлан Ерланов есепті 2:0-ге жеткізді.

Бірінші таймның соңында «Оқжетпес» жартылай қорғаушысы Шахбоз Умаров бір гол соғып, есеп айырмасын қысқартты. Алайда матчтың қалған бөлігінде командалар гол соға алмады.

Осы жеңістен кейін «Ақтөбе» турнирлік кестеде «Астана» мен «Оқжетпесті» басып озды. Дегенмен елордалық команда екі матчқа аз өткізген.

Турдың басқа кездесулерінде Павлодардың «Ертісі» «Ұлытауды», ал «Қызылжар» «Жетісуды» 2:1 есебімен жеңді. 26 шілдеде турдың орталық матчында «Қайрат» пен «Ордабасы» кездеседі.

Сондай-ақ оқыңыз