Тұрар Ыдырыс, Аyree және Әсел Мекебаева: «Алакөл толқыны» фестивалі қалай өтті

Жарияланды 27 Шілде 2026 11:22

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General news бөлімінің аға журналисі s.ostemir@kursiv.media
коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Милош Муратовский
коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Милош Муратовский

Өткен сенбі, 25 шілдеде емдік қасиетімен ерекшеленетін Алакөлге демалушыларды тосын сый күтіп тұрды. «Алакөл толқыны – 2026» фестивалі өтті.

Шараның хедлайнерлері әлемге мәшһүр скрипкашы Әсел Мекебаева, Тұрар Ыдырыс және Аyree болды.

Тұрарды Алакөл қонақтары асыға күтті / фото: Шадияр Өстемір
Тұрарды Алакөл қонақтары асыға күтті / фото: Шадияр Өстемір

Әсел Мекебаеваның өнері көрермендерді бей-жай қалдырмады. Скрипканың үні мен құйқылжыған сазы Алакөлдің жағасын ғажайып сырға бөледі.

Тұрар мен Аyree сахнаға шыққанда, Алакөлдің өзі ән салып кеткендей әсер қалдырды. Әсіресе, жасөспірімдер мен бозбалалар сүйікті әншілерімен бірге жағалауды жаңғыртты.

Әсел Мекебаеваның өнеріне қол соқпаған адам болмады / фото: Шадияр Өстемір

Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестивальдің алдына қойған мақсаты біреу. Ол – Жетісу өңірінің туристік әлеуетін арттыру. Әрине, Алакөлдің қайталанбас сұлулығы мен аңызға айналған емдік қасиеті туралы елімізде хабарсыз адам кемде кем шығар.

Алакөл Аyree-мен бірге ән салды/ фото: Шадияр Өстемірұлы

Насихаттан да кем емес. Ішкі туризмнің дамуына осындай ән мерекелері қажет. Бұл жергілікті тұрғындар мен демалуға келген қонақтарға есте қаларлық кеш сыйлайды.

Фестиваль ерекше форматта өтті. Ән, өнер, ойын-сауық бағдарламалары, ғажайып отшашу ерекше әсер қалдырды.

Отшашу ерекше әсер қалдырды/ фото: Шадияр Өстемір

Бұдан бөлек Жетісу облысының талантты әншілері де сахнаның көзайымына айналды. Олардың арасында Римма Ахметова, Қазбек Абу, Дана Максимова, Самат Жанғазин, Алуа Берешова, Бексұлтан Бекайдаров, Гүлсім Малисова, Жігер Арап және Бауыржан Кенжебаев бар.

Жетісу таланттары / фото: Шадияр Өстемір

Бағдарлама соңында Тараздан келген DJ-сет Алакөлдегі ән кешін би кешіне ұластырды.

Бір сөзбен айтқанда, «Алакөл толқыны» табиғаттың, мәдениетті және заманауи демалыстың басып қосқан бірегей жоба болып отыр.

Фестивальдің бір сәті / фото: Шадияр Өстемір

Туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаевтың пікірінше, Алакөл – еліміздегі маңызды туристік аймақтардың бірі. Қазіргі таңда жүз мыңдаған адамды күтіп, тынықтырып, шығарып салып жүр.

Сондай-ақ оқыңыз