
Заңгер Мейірман Шекеев тележүргізуші әрі «Қазақстан Халық партиясының» атынан кандидат ретінде тіркелген Аша Матайдың сөзіне жауап беріп, оны сотқа беруі мүмкін екенін мәлімдеді.
«Аша Матай меңзеуді дұрыс түсінбеген»
Шекеев Аша Матайдың мәлімдемесін көргенін айтып, кандидаттың өзіне айтылған сөздерді қате түсінгенін жеткізді. Оның сөзінше, ол Аша Матайдың «тәрбием жібермейді» деген уәжін толық жоққа шығаруға дайын.
«Аша Матай меңзеуді дұрыс түсінбеген сияқты. Тәрбиенің не қатыс бар екенін түсінбедім, деседе мен оған толық жауап беремін», – деді заңгер.
«Сөзімді бұрмалағаны үшін сотқа беремін»
Заңгер тележүргізушінің өзіне қатысты айтқан уәждеріне наразылық білдіріп, бұл істі құқықтық алаңда шешуі мүмкін екенін ескертті:
«Мен Аша Матайды сотқа беруім де мүмкін. Менің сөзімді бұрмалағаны үшін», – деп кесіп айтты Мейірман Шекеев.
Еске сала кетейік, бұған дейін Аша Матай өзін дебатқа шақырғандарға жауап беріп, анасының «ер адаммен, ел ағасымен сөз таластыру жараспайды» деген тәрбиесін алға тартып, пікірталастан бас тартқан болатын.