
Бүгін, 5 тамызда маусымашар дайындық аясында лондондық «Челси» мен туриндік «Ювентус» өзара мықтыны анықтайды.
Ойын Қазақстан уақытымен сағат 16:30-да басталады. Матчтың тікелей трансляциясын сілтеме арқылы көруге болады.
Хаби Алонсо баптаған «Челси» осы жазда екі жолдастық кездесу өткізді. Алдымен австралиялық «Уэстерн Сидней Уондерерс» клубын 6:4 есебімен тізе бүктірді. Кейін лондондық «Тоттенхэмге» 1:2 есебімен жол берді.
Айта кетерлігі, австралиялық ұжымға қарсы алғашқы матчта қазақстандық 17 жастағы шабуылшы Дастан Сәтбаев «Челси» сапындағы өзінің дебюттік голын соғып, ерекше көзге түсті.