Алматыда сакура мен магнолия болатын жапон бағы қашан ашылады

Жарияланды 6 Тамыз 2026 16:16

Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General news бөлімінің аға журналисі a.taubay@kursiv.media
Даниил Девяткин

Даниил Девяткин

LifeStyle бөлімінің аға журналист d.devyatkin@kursiv.media
Японский парк сад Алматы
Бақ 2027 жылы ашылады/Фото: pexels, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Жақын арада Алматыда алғашқы жапон бағының құрылысы басталады. Қоғамдық кеңістікті дамыту басқармасының дерегіне сәйкес құрылыс 2026 жылдың тамызы басталып, желтоқсанда аяқталады.

KursivMedia тілшісі ресми сауал жолдап, құрылысты кім жүргізетінін, бақ ішінде қандай өсімдіктер болатынын сұрады.

Әкімдік дерегінше, жоба-сметалық құжатты «КазДомСтрой LTD» ЖШС әзірлеген. Ал бас мердігер ретінде «Kazuranium Service» ЖШС белгіленген. Құрылысқа жұмсалатын барлық шығын жеке инвесторлардың қаражаты есебінен төленеді.

Жапон бағында не болады?

Жоба аясында бақ аумағына сакура, сәндік алма ағаштары, магнолия, үйеңкі, арша, гинкго және жапонның дәстүрлі әдісімен өсетін ниваки ағаштары отырғызылады.

Әкімдік мәліметінше, өсімдіктер Алматының табиғи-климаттық жағдайы мен жер телімі ерекшелігін ескеріп таңдалған.

Қоғамдық талқылау барысында тұрғындар қазір сол жерде өсіп тұрған ағаштарды барынша сақтап қалуды және саябақ жанынан автотұрақ қарастыруды сұраған. Ведомство бұл ұсыныстардың жобаға енгізілгенін хабарлады.

Жапон бағы қашан ашылады?

Алматыдағы жапон бағын ресми түрде 2027 жылдың наурызында, сакура гүлдей бастайтын кезеңде ашылады.

Сол уақытқа дейін құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталып, аумақ абаттандырылады.

Айта кетейік, Көктөбе маңында 4 гектар жерді көгалдандыру жұмыстары аяқталып, серуендеуге арналған тағы бір саябақ ашылды.

Сондай-ақ оқыңыз