
Eurasian Resources Group (ERG) компаниясының 40% мемлекеттік акциялар пакеті ресми түрде «Самұрық-Қазынаға» берілді. Бұл туралы қор мәлімдеді.
«Самұрық-Қазына» АҚ 2026 жылғы 4 тамызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес ERG компаниясының 40% мемлекеттік акциялар пакеті қордың меншігіне өткенін хабарлайды. Аталған активтің берілуі «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Қазақстан Республикасының мүддесі үшін мемлекеттік активтерді тиімді басқару бойынша әл-ауқат қор ретіндегі стратегиясы мен рөліне сәйкес келеді.», – делінген ресми хабарламада.
Компания сайтында хабарланғандай, жалғыз акционері Қазақстан Үкіметі болып табылатын «Самұрық-Қазына» ERG акцияларының 40%-ына иелік етеді.
ERG-дің құрылтайшылары – «үштік» деп аталатын олигархтардың (Машкевич, Шодиев, Ибрагимов) мұрагерлері еді. Биыл кәсіпкер Шахмұрат Мүтәліп Патох Шодиев (18,6%) пен Александр Машкевичтің мұрагерлерінен (20,7%) ERG-дің 39,3% акциясын сатып алған.
Агенттік ақпараты бойынша, бұл мәселені Шахмурат Муталип пен Шухрат Ибрагимов талқылауда.