«Намазыма тиісті»: Бекболат Тілеухан кезінде қандай қысым көргенін айтты 

Жарияланды 6 Тамыз 2026 11:17

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
Фото: видеодан скрин

Танымал қоғам қайраткері, әнші Бекболат Тілеухан журналист Аман Тасығанға сұхбат берді. Желіде тараған аңдатпа ролигінде ол өзіне кезінде қандай қысымдар жасалғаны туралы айтып берді.

Журналист Аман Тасығанның: «Қандай қысымдар көрсетті?» – деген сұрағына Бекболат Тілеухан өзінің діни сенімі мен айтқан сөздеріне қатысты қысымдар болғанын жасырмады:

«Намазыма тиісті, сөйлеген сөзімде де… қай жерде көп сөйлегенімде тиісті», – деп, бұған дейін өз басынан өткен кедергілер мен сындарды атап өтті.

Сонымен қатар, қоғам қайраткері сұхбат жүргізіп отырған Аман Тасығанның өзіне де әзіл-шыны аралас ескерту жасап:

«Өткір-өткір тәсіл алғансың… Сен де маған қысым көрсетіп отырсың. Адамды шақырып алып, көп сөйлете бересің. Көп сөйлеген соң абыройдан, сөзден сүрінесің, сосын аяғың шалынған жерден теріп аласыңдар», – деп сұхбат жүргізушінің айлалы тәсіліне тоқталды.

Журналист Аман Тасыған бұл сөздерге жауап ретінде сұхбаттың ешқандай монтажсыз, қалай жазылса солай берілетініне уәде беріп, «Қалай бар, солай жіберемін, уайымдамаңыз» деп сендірді.

Толық сұхбат бүгін сағат 16:00-де Аман Тасығанның ресми арнасында шығады.

Сондай-ақ оқыңыз