Түркістан облысында биологиялық белсенді қоспа шығаратын зауыт құрылысы басталды

Жарияланды 6 Тамыз 2026 10:37

Үмітжан Бакелекова

Үмітжан Бакелекова

Business news бөлімінің редакторы u.bakelekova@kursiv.media
фото: shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Түркістан облысындағы «Turan» арнайы экономикалық аймағында биологиялық белсенді қоспалар шығаратын заманауи зауыт құрылысы басталды. Түріктің «Orzax Pharmaceuticals» бренді жүзеге асырып жатқан бұл жобаға «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы қолдау білдіріп отыр.

Жалпы құны 40 миллион АҚШ долларын құрайтын инвестициялық жоба 10 гектар аумаққа орналасады.

Зауыт құрылысы 2026-2027 жылдар аралығында жүргізіліп, халықаралық жоғары GMP стандарттарына сай салынбақ. Жоба іске қосылғанда 500-ге жуық жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылады.

Жаңа өндіріс ошағы алғашқы кезеңде жылына 36 миллион қорап өнім шығаруды жоспарлап отыр, ал кейіннен бұл қуаттылықты 80 миллионға дейін ұлғайту көзделген. Бұл кәсіпорын өнімді тек жергілікті нарыққа таратып қоймай, Орталық Азия елдеріне экспорттайтын негізгі өндірістік орталыққа айналады.

Бұған дейін Түркістан облысында 30 млрд долларға жаңа индустриялық аймақ салынатыны хабарланған.

Сондай-ақ оқыңыз