«Шал» рөлін сомдаған Ерболат Тоғызақов үйленгісі келетінін айтты

Жарияланды 7 Тамыз 2026 12:28

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
фото: видеодан скрин

Әйгілі «Шал» фильмінде басты рөлді сомдап, халықтың ыстық ықыласына бөленген белгілі актер Ерболат Тоғызақов журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына берген сұхбатында жеке өміріне қатысты сыр шертті.

80 жасқа таяған (78 жастағы) өнер иесі осы күнге дейін отбасын құрмағанының басты себебін түсіндіріп, басында өз пәтері болмағандықтан үйленуге батпағанын жеткізді.

«Осы күнге дейін неге отбасын құрмадым, неге пәтерім жоқ?» – деп өзіне сұрақ қойған актер, кезінде өзіне жеке баспанасы болмайынша шаңырақ көтермеймін деп серт бергенін айтты.

Ақсақал жасы сексенге таяса да, әлі күнге дейін меншікті баспанасы жоқ екенін өкінішпен сөз етті. Осыған қарамастан, актер өмірден сыңарын тауып, отбасын құруға дайын екенін білдірді.

Ерболат Тоғызақов – отандық кино өнерінде өзіндік қолтаңбасы бар актерлердің бірі. Ол Ермек Тұрсыновтың туындыларында, атап айтқанда «Шал», «Келін», «Сталинге сыйлық» және т.б. танымал фильмдерде есте қаларлық рөлдерді сомдаған.

Сондай-ақ оқыңыз