
Оңтүстік кореялық танымал K-pop тобы BTS пен Google Gemini ЖИ сервисі масштабты видеокампания бастады. 60 секундтық роликтер Лас-Вегастағы әйгілі Sphere аренасында көрсетіледі.
Sphere-дің экранында BTS тобының жаңа «Arirang» әніне арналған кадрлар, Оңтүстік Кореяның көрікті жерлері және Gemini технологиясының мүмкіндіктері тоғысқан ерекше медиапроект ұсынылған. Google Korea өкілдерінің айтуынша, бұл жоба жасанды интеллекттің қуаты мен музыканттардың шығармашылық идеясын ұштастырады.
Лас-Вегастағы Sphere – АҚШ-тағы ең танымал әрі бірегей ойын-сауық кешендерінің бірі. Оның сыртқы беті толықтай жарық диодты экрандармен қапталғандықтан видеопроекциялар өте алыс қашықтықтан анық көрінеді.
Айта кетейік, бұған дейін BTS ұжымы әлеуметтік желілерде «Азиялық поп-музыка» деген жаңа номинацияның қосылуына байланысты 2027 жылғы «Грэмми» жүлдесінен бас тартатынын мәлімдеген.