Экономика

Мұнай қайта қымбаттады: Brent бағасы $85-ке жақындады

Мұнай бағасы қайта қымбаттады / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

10 тамыздағы саудада әлемдік мұнай бағасы қайта өсе бастады. Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне шамамен $84,5-ке, ал WTI $78,8-ге дейін көтерілді.

Brent мұнай бағасы онлайн

Brent Crude Oil, USD/баррель. Дерек TradingView арқылы жаңарып тұрады.

Соңғы күндері баға қатты құбылды. 4 тамызда Brent $80-дан төмен түссе, кейін қайта көтеріліп, 7 тамызда $83,55 деңгейіне жетті. Ал жаңа аптаның басында баға $84-тен асып отыр.

Сонымен бірге мұнайдың әрі қарай өсуіне кедергі болатын факторлар да бар. Қытайдың мұнай импорты төмендеді, ал OPEC+ тамыздан бастап өндірісті тәулігіне 188 мың баррельге арттыруды жоспарлаған. Егер Таяу Шығыстағы жағдай тұрақталып, тасымал қалыпқа келсе, Brent қайтадан $80 маңына түсуі мүмкін.

Қазір сарапшылардың болжамы да әртүрлі. Citi Brent бағасы үшінші тоқсанда орта есеппен $80 болады деп күтсе, Goldman Sachs мұнайды $80–90 диапазонында көреді.