
10 тамыздағы саудада әлемдік мұнай бағасы қайта өсе бастады. Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне шамамен $84,5-ке, ал WTI $78,8-ге дейін көтерілді.
Brent мұнай бағасы онлайн
Brent Crude Oil, USD/баррель. Дерек TradingView арқылы жаңарып тұрады.
Соңғы күндері баға қатты құбылды. 4 тамызда Brent $80-дан төмен түссе, кейін қайта көтеріліп, 7 тамызда $83,55 деңгейіне жетті. Ал жаңа аптаның басында баға $84-тен асып отыр.
Сонымен бірге мұнайдың әрі қарай өсуіне кедергі болатын факторлар да бар. Қытайдың мұнай импорты төмендеді, ал OPEC+ тамыздан бастап өндірісті тәулігіне 188 мың баррельге арттыруды жоспарлаған. Егер Таяу Шығыстағы жағдай тұрақталып, тасымал қалыпқа келсе, Brent қайтадан $80 маңына түсуі мүмкін.
Қазір сарапшылардың болжамы да әртүрлі. Citi Brent бағасы үшінші тоқсанда орта есеппен $80 болады деп күтсе, Goldman Sachs мұнайды $80–90 диапазонында көреді.