Жаңалықтар

Студенттерге жатақхана жеткілікті ме

Жатақхана мәселесі шешіледі / фото: shutterstock

Үкімет студент жатақханаларының тапшылығы мәселесін толық шешуді жоспарлап отыр. 250-ден астам ғимарат санылады. Бұл туралы мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов мәлімдеді.

Шенеуніктің айтуынша, жаңа ғимараттар ашылған уақытта тапшылық алты есе қысқарады. Кочетовтың дерегінше, қазір студенттердің 85%-ы жатақханамен қамтылған. Ол сейсенбі күні Астанада БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді.

Вице-министр жастардың 62,9%-ы білім беру жүйесінде жасанды интеллект технологияларын оқытуды маңызды деп санайтынын айтты.

«Осы бағытта цифрлық білім беру бағдарламалары дамытылып, Alem AI халықаралық жасанды интеллект орталығы мен жасанды интеллект саласындағы зерттеу университеті құрылып жатыр», – дейді ол.

Кочетовтың айтуныша, «Болашақ» бағдарламасында басымдық біртіндеп инженерлік, IT, медициналық және жаратылыстану-ғылыми мамандықтарға беріле бастады.