Доллар 465 теңгеге дейін арзандады, бірақ сарапшылар 480 теңгені күтеді

Жарияланды 11 Тамыз 2026 17:16

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
Теңге нығайып келеді / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

11 тамыздағы сауда қорытындысында Қазақстан қор биржасында (KASE) доллардың орташа нарықтық бағасы 465,75 теңге деңгейінде қалыптасты. Бір күндегі сауда көлемі 363,1 млн долларды құрады.

Биржадағы бағам Алматының айырбастау пункттеріндегі көрсеткіштерге де жақын. Қаладағы айырбастау орындарында долларды 465,1 теңгеден сатып алып, 467,7 теңгеден сатып жатыр.

Осылайша, қолма-қол нарықтағы доллардың сату бағасы биржадағы көрсеткіштен сәл жоғары қалып отыр. Бұл айырбастау пункттерінің маржасы мен қолма-қол валютаға деген сұранысты ескеретін қалыпты айырмашылық.

Қазір биржадағы және Алматыдағы қолма-қол нарықтағы бағамдар 465–468 теңге дәлізінде қалыптасып отыр.

АЛМАТЫДАҒЫ БАҒАМ

Валюта айырбастау бағамы

Онлайн
Валюта Сатып алу Сату
$ USD АҚШ доллары
465,1
467,7
EUR Еуро
536,0
541,0
RUB Ресей рублі
5,41
5,53
¥ CNY Қытай юані
68,9
71,3
НАРЫҚТАҒЫ БАҒАМ

Биржадағы доллар бағамы

USD/KZT
USD/KZT · нарықтағы соңғы қолжетімді баға
Инфографика: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Қаржыгерлер келесі айда доллар өсетініне сенімді

Бұған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының тамыздағы сауалнамасына қатысқан сарапшылар теңгеге қатысты болжамын жақсартқан еді. Оған Ұлттық банктің валюта сатуы, экспорттаушылардың долларлық түсімді теңгеге айырбастауы және ірі компаниялардың салық төлеу кезеңі әсер етіп отыр.

Сарапшылар қыркүйек басында доллар бағамы 480,2 теңге, ал бір жылдан кейін 512,2 теңге шамасында болады деп күтеді.

Сондай-ақ оқыңыз