Lifestyle

Роналду мен Джорджина неке жүзіктерін көрсетті

фото: Anadolu

Әлемге танымал португалдық футболшы Криштиану Роналду мен испаниялық модель Джорджина Родригес қауесеттерге нүкте қойып, ресми түрде үйленді. Роналду әлеуметтік желідегі парақшасында неке жүзіктерінің суретін жариялап, астына «C❤️G» деп қысқа қайырды.

Бұл айтулы оқиға жақындарының қатысуымен ғана жабық форматта өтті.

Гуччи бутигінен басталған махаббат

Роналду мен Джорджинаның махаббат хикаясы 2016 жылы Мадридте басталған еді. Ол кезде Джорджина «Gucci» дүкенінде сатушы болып жұмыс істейтін. Жұп бір-бірін ұнатып, бір жылдан соң, 2017 жылдың қарашасында олардың тұңғыш ортақ қызы Алана Мартина дүниеге келген болатын.

Бұған дейін шетелдік БАҚ беттерінде 41 жастағы футболшы мен 32 жастағы модельдің үйлену тойы дүркіреп Мадейра аралында өтеді деген ақпарат тараған еді. Дегенмен кейіннен бұл хабарламалардың фейк екені белгілі болды – жұлдызды жұп тойды тыныш қана өткізуді жөн көрген сияқты.