Роналду мен Джорджина неке жүзіктерін көрсетті

Жарияланды 12 Тамыз 2026 09:27

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
фото: Anadolu

Әлемге танымал португалдық футболшы Криштиану Роналду мен испаниялық модель Джорджина Родригес қауесеттерге нүкте қойып, ресми түрде үйленді. Роналду әлеуметтік желідегі парақшасында неке жүзіктерінің суретін жариялап, астына «C❤️G» деп қысқа қайырды.

Бұл айтулы оқиға жақындарының қатысуымен ғана жабық форматта өтті.

Гуччи бутигіндегі басталған махаббат

Роналду мен Джорджинаның махаббат хикаясы 2016 жылы Мадридте басталған еді. Ол кезде Джорджина «Gucci» дүкенінде сатушы болып жұмыс істейтін. Жұп бір-бірін ұнатып, бір жылдан соң, 2017 жылдың қарашасында олардың тұңғыш ортақ қызы Алана Мартина дүниеге келген болатын.

Бұған дейін шетелдік БАҚ беттерінде 41 жастағы футболшы мен 32 жастағы модельдің үйлену тойы дүркіреп Мадейра аралында өтеді деген ақпарат тараған еді. Дегенмен, кейіннен бұл хабарламалардың фейк екені белгілі болды – жұлдызды жұп тойды артық қонақтарсыз шағын, тыныш ғана өткізуді жөн көрген сияқты.

Сондай-ақ оқыңыз