
Google компаниясы жасанды интелект мүмкіндіктері артқан және камерасы жұқарған жаңа Pixel смартфондарын таныстырды. Бұл жаңарту арқылы компания пайдаланушыларға жаңа модельдерді ұсынып, өз AI құралдарын кеңінен таратуды көздейді.
Жаңа фукнциялар қатарына видеодан фото бөліп алу, телепромптер, видеоны тұрақтандыру және дауысты мәтінге айналдыру қосылды.
Сондай-ақ жаңа смартфондардың жады екі есе артып, минималды көлемі 256 гигабайттан басталады. Құрылғылар 30 сағаттық батарея қуатымен және жылдам сымсыз қуаттаумен қамтамасыз етілген. Компания ең арзан 800 долларлық 128 гигабайттық Pixel 11 моделінен бас тартты.
Pixel 11, Pixel 11 Pro және Pixel 11 Pro XL модельдеріне тапсырыс сәрсенбі күннен басталды. Олардың бағасы сәйкесінше 900, 1100 және 1300 доллардан басталады, ал Pixel Pro Fold бағасы 1900 долларды құрайды. Бұл былтырғы баға мен салыстырғанда 100 долларға қымбат.
Жаңа мүмкіндіктердің қатарында видео, подкаст мен дауысты хабарламаларға арналған дыбысты аударма бар. Pro модельдеріндегі HiLight құралы сүйікті контактілерге түс тағайындауға мүмкіндік береді, телефон бетімен төмен қарап тұрғанда сол түсте жанады. Google компаниясы Pixel 11 Pro немесе Pixel 11 Pro XL сатып алғандарға AI Pro жазылымын алты айға тегін ұсынады.
Камера жаңартуларына келетін болсақ, Magic Capture жаңа режимі түсіру батырмасын бір басу арқылы фото мен видеолар сериясын автоматты түрде түсіреді. Камералардың жарық сезгіштігі артқан, ал Pro модельдердегі Instant Night Sight қараңғыда суретті жылдам түсіруге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар Google алғаш рет Pixel Tag деп аталатын іздеу құрылғысын таныстырды. Оның біреуі 30 доллар, ал төрттік жиынтығы 100 доллар тұрады. Құрылғы Android 9 немесе одан жоғары жүйеде жұмыс істейтін смартфондармен үйлеседі.
Google Pixel смартфондарын былтыр жазда сатылымға шығарған.