Қазақ мұнайы Brent-тен қымбат саудаланып жатыр

Жарияланды 13 Тамыз 2026 10:33

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
Қазақ мұнайы 90 долларға жақындады / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Қазақстанның негізгі экспорттық мұнай қоспасы CPC Blend бағасы барреліне $89,08-ға дейін көтерілді. Oilprice.com дерегінде CPC Blend бір күнде 6,5%-ға қымбаттағаны көрсетілген. Дерек шамамен 19 сағаттық кідіріспен жарияланады.

Ал әлемдік эталон саналатын Brent маркалы мұнай 13 тамыздағы саудада барреліне $88,56 шамасында саудаланып жатыр. Соңғы сессияда оның бағасы 42 центке төмендеді.

Brent мұнай бағасы онлайн

Brent Crude Oil, USD/баррель. Дерек TradingView арқылы жаңарып тұрады.

Мұнай бағасына қазір екі қарама-қарсы фактор әсер етуде. Таяу Шығыстағы геосаяси шиеленіс пен мұнай жеткізіліміне қатысты тәуекел бағаны жоғары деңгейде ұстап отыр. Ал АҚШ-та мұнай қорының бір аптада күтпеген жерден 17,4 млн баррельге өсуі және әлемдік сұраныс болжамдарының төмендетілуі бағаға қысым түсіруде.

Қазақстан үшін мұнайдың қазіргі бағасы маңызды: CPC Blend-тің $89 маңында, ал Brent-тің $88–89 аралығында болуы елдің экспорттық түсімдері үшін қолайлы деңгей саналады.

.

Сондай-ақ оқыңыз