21 млн жазылушысы бар әлемдік тревел-блогер Қазақстан туралы фильм жариялады

Жарияланды 17 Тамыз 2026 12:47

Меліс Сейдахметов

Меліс Сейдахметов

Қазақ редакциясының шеф-редакторы m.seidakhmetov@kursiv.media
Маңғыстау
видео кадры/youtube.com/@JoeHattab

Елдің әсем жерлерін әлемге танытып жүрген тревел-блогер Дастан Мұхамедрахымның шақыруымен келген блогер Joe Hattab-тың youtube-те Қазақстан туралы деректі фильмі шықты, деп хабарлайды Kursiv.Media.

36 минуттық ролик «Әлемнің ең бағаланбаған елі» деп аталады. Видеоны қазақша тамашалағысы келгендер үшін қазақша аудиотрек те қосылған.

Joe Hattab сапары Алматы қаласы мен облысының көрікті жерлерінен басталады.

Алматы
видео кадры/youtube.com/@JoeHattab

Қазақтың саятшылық өнерімен танысып, қыран құстың қоян алғанын көреді. Асы жайлауында қолына уық ұстап, киіз үй тігіде, алтыбақан тебеді, ұлттық ойындарды ойнап, ұлттық тағамнан дәм татады.

Дастан Мұхамедрахым мен Joe Hattab
видео кадры/youtube.com/@JoeHattab

Көлсай көлдерінің сұлулығын тамашалап, көл астының өмірін көрсетеді.

Маңғыстауға барып, қарт Каспидің сұлулығын, Үстүрт жазығы мен Бозжыраның ғажап табиғатын көзбен көріп, камерасына әдемі кадрларды таспалаған.

Бозжыра
видео кадры/youtube.com/@JoeHattab

Артынша Астананың заманауи архитектурасы мен елдің ЖИ саласында жасап жатқан жұмыстарымен танысады.

Сапар соңын Байқоңырдағы ғарыш айлағын көрумен аяқтайды.

Байқоңыр
видео кадры/youtube.com/@JoeHattab

Видео барысында Joe Hattab қазақтың тарихы, мәдениеті, экономикасы хақында ақпарат беріп, ел туралы әңгімелеп отырады.

Видео жүктелген 17 сағаттың ішінде 1 жарым миллионнан астам қаралым жинап үлгерді. Joe Hattab-тың youtube арнасында 21 млн-ға жуық жазылушы бар. Оның Қытай, Мысыр туралы видеолары 50 млн-ға жуық қаралым жинаған.

Сондай-ақ оқыңыз