
Конгода өткен аптада аса қауіпті эбола вирусынан 365 адам қаза тапты. Індет басталғалы бері 2325 адам жұқпалы аурудан көз жұмды.
Конго Демократиялық Республикасында өткен аптада әр 28 минут сайын бір адам эбола дертінен қайтты. Африкадағы осы елді індет басталған мамыр айынан бері шамамен 5 мың адам қауіпті вирус жұқтырды.
Осыған байланысты БҰҰ дабыл қақты. Ұйымның Бас хатшысының орынбасары Том Флетчер эбола вирусының жеңіп бара жатқанын мәлімдеді. Ол індетті жеңу үшін бұдан да жылдам қимылдау қажет екендігін айтты. Сол үшін БҰҰ вируспен күресуге қосымша 30,5 млн доллар бөлді.
Бұл уақытта Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Африка бойынша директоры Мохамед Жанаби Конгодағы эпидемиологиялық жағдай бақылаудан шығып, бұрын-соңды болмаған жылдамдықпен таралып жатқанын ескертті.
Бұған дейін Конгода эбола індетімен күресіп жүрген дәрігерлер айлық алмағаны мәлім болған. 10 тамызда індеттен қайтыс болғандар саны 2 мыңнан асқан.
Жұқпалы ауру
Эбола – адам мен жануарлар үшін өте қауіпті вирус. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оны ең қауіпті аурулар қатарына қосқан. Вирус адамның қан тамырларын зақымдайды. Соның салдарынан ішкі ағзалар зақымданып, қан кетеді.
Жұқпалы ауру ауа арқылы таралмайды. Бірақ қан, сілекей, тер, құсық, зәр секілді биосұйықтық арқылы өте тез жұғады.
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі эбола індетіне байланысты маңызды мәлімдеме жасаған.