
17 тамыздағы сауда қорытындысында KASE индексі 0,11% өсіп, 8 049,07 пунктке жетті. Жұма күнгі сауданың жабылу кезінде индекс 8 039,86 пункт болған, яғни дүйсенбіде 9,21 пункт қосты. KASE-нің қазіргі өкілдік тізімінде 10 акция бар және 5 тамыздан бері оның құрамы өзгерген жоқ.
17 тамыз күнгі сауда-саттық көшбасшысы – Halyk Bank. HSBK акциясының жабылу бағасы 403,50 теңгеден 406,99 теңгеге көтерілді. Close-to-Close есептеуде өсім 0,86% құрады. Air Astana акциялары +0,34%, Қазақтелеком +0,29%, Kcell +0,27% қымбаттады.
«Банк ЦентрКредит» акциясы 4 850 теңгеден 4 860,42 теңгеге көтеріліп, 0,21% қосты. «ҚазМұнайГаздың» жабылу бағасы 34 800 теңгеден 34 850,11 теңгеге жетіп, 0,14% өсті. Осылайша индекстегі он акцияның алтауы күнді өсіммен аяқтады.
Минус аймақта Қазатомөнеркәсіп −0,06%, Kaspi.kz −0,13% және ҚазТрансОйл −0,61% болды. Kaspi.kz акциясының жабылу бағасы 46 100 теңгеден 46 040,05 теңгеге, ал ҚазТрансОйл 1 126,95 теңгеден 1 120,11 теңгеге түсті.
Бұл күнгі саудада KEGOC акциялары арзандады Оның жабылу бағасы жұмадағы 1 464,47 теңгеден 1 432 теңгеге дейін түсіп, 2,22% кеміді. Соған қарамастан Halyk Bank бастаған бірқатар ірі акциялардың өсімі KASE индексіне күнді плюспен аяқтауға мүмкіндік берді.