Димаш әлемдік турының екінші кезеңінде жаңа образбен сахнаға шығады

Жарияланды 21 Тамыз 2026 15:03

Азамат Серікхан

Азамат Серікхан

General news бөлімінің аға журналисі a.serikkhan@kursiv.media
Фото: dimashnews.com

Әнші Димаш Құдайберген өзінің DIMENSIONS әлемдік турының екінші бөлімінің тұжырымдамасын таныстырды. Бұл туралы Kursiv.Media Dimashnews.com порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Әлемдік турдың екінші бөлімі «Шекараларды бұзып» деп аталатыны нақтыланды.

«3D-пиксель фрагменттері әртүрлі өлшемдерден құрастырылғандай әсер қалдыратын кеңістік қалыптастырады. Бөлшектер экран шекарасынан асып шығып, шынайы және цифрлық пішіндер өзара астасады. Осылайша, нақты әлем мен виртуалды кеңістіктің, классикалық вокалдық өнер мен авангардтың арасындағы шекаралар жойылады. DIMENSIONS қалыптасқан өлшемдер шеңберінен шығатын өнердің көрінісі», – деп атап өтті Құдайбергеннің командасы.

Сондай-ақ жазба сипаттамасында «Димаш шексіз ыдырап, қайта тұтасып отыратын фрагменттер қоршауында, былғарыдан тігілген техвир стиліндегі образда көрінеді» деп жазылған.

«Бұл – әлем оған бір кездері таңған жалғыз белгіден арылып, өзіндік болмысын қайта танытқан адамның бейнесі. Жалпы алғанда, осы цифрлық визуалды тіл оның сан алуан бағыттарды бойына сіңірген әрі әр түрлі сипатқа ие бола алатын музыкалық болмысын айқын аңғартады», – деп түсіндірді шығармашылық ұжым.

Еске салайық, осыған дейін Димаш Құдайберген өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында түрік тіліндегі «Yazgı» («Жазмыш») атты жаңа авторлық әнінің жарыққа шыққанын сүйіншіледі.

Сондай-ақ оқыңыз