Тоқаев әлем чемпионатында 11 медаль жеңіп алған дзюдошыларды құттықтады

Жарияланды 24 Тамыз 2026 09:55

Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General news бөлімінің аға журналисі a.taubay@kursiv.media
Қазақстандық спортшылар 10 медаль жеңіп алды/фото: спорт министрлігі

Дзюдодан Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының аралас командалық жарысында алғаш рет жеңіске жетті, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Эквадордың Гуаякиль қаласында өткен әлем біріншілігінде қазақстандық спортшылар 4 алтын, 3 күміс және 4 қола — барлығы 11 медаль жеңіп алды. Ұлдар командалық есепте бірінші, ал қыздар екінші орынға ие болды. 

Фатима Супығалиева жасөспірім қыздар арасында әлем чемпионы атанған алғашқы қазақстандық дзюдошы ретінде тарихқа енді.

Содан кейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дзюдошы Ғабит Расулханды, Фатима Сұпығалиеваны, Әділжан Жаудиновті жекелеген сында алтын медальға ие болуымен құттықтады.

Президент жас чемпиондардың спорттағы жолы жарқын болуына және жаңа биіктерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.

«Кеше кешкісін Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визермен сөйлесті. Ұйым жетекшісі мемлекет басшысын балуандарымыздың әлемдік жастар турниріндегі бұрын-соңды болмаған бірегей жеңісімен құттықтады», – деп хабарлады Ақорда.

Тоқаев елімізде дзюдо күресі кеңінен дамып келе жатқанын айтып өткен.

Айта кетейік, 2026 жылдың 19 қыркүйегі мен 4 қазаны аралығында Жапонияның Айчи-Нагоя қаласында ХХ Жазғы Азия ойындары өтеді. Ішінде дзюдо сайыстары 29 қыркүйек пен 2 қазан аралығында ұйымдастырылады. Азия ойындарында ел намысын қорғайтын дзюдошылардың тізімін мына жерден көруге болады.

Сондай-ақ оқыңыз