
Блогер Аружан Әбілова әлеуметтік желіде орамалын шешкенін мәлімдеді. Ол бұл шешімнің өзіне оңайға түспегенін және ұзақ уақыт бойы ішкі қайшылықтармен арпалысқанын жасырмады.
Өз жазбасында оқырмандарынан сөгіс естімеу үшін алдын ала ескерту жасап, ішкі жан дүниесіндегі қиындықтарын ашық айтқан.
«Иә, көріп тұрғандарыңыздай, мен енді орамалда емеспін. Соңғы бір жыл бойы осы ойлармен арпалысып жүріп, ақыры бұл күресте жеңілдім… Ақталғым келмейді. Барлығымыз да қателігі мен күнәсі қатар жүретін пендеміз. Алла қайтадан орамалға оралуымды да нәсіп етеді деп сенемін», – деп ағынан жарылды Аружан.
Блогердің бұл жазбасы желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Оқырмандардың кейбірі оның шынайылығын бағалап, таңдауына құрметпен қараса, енді бірі түрлі пікір білдіріп жатыр. Дегенмен, Аружан көпшілік алдында ешқандай ақталуды қажет етпейтінін нақты жеткізді.
Бұған дейін, танымал актриса Жанель Мақажан да төрт жылдан кейін орамалын шешкен еді.