Еркебұлан Тоқтар өзбек чемпионмен болатын жекпе-жекке қалай дайындалды (видео)

Жарияланды 25 Тамыз 2026 16:33

Торғын Қабен

Торғын Қабен

Еркебұлан Тоқтар
Еркебұлан Тоқтардың дайындығы/видео кадры/ instagram.com/alisher_coach/ЖИ арқылы өңделген

Актер әрі жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтар осы жұмада Астанада өзбекстандық спортшымен бокс ережесі бойынша кездесу өткізеді. Қарсыласы муай-тайдан әлем чемпионы Бобиржон «Испанчик» Исроилов. Жекпе-жек алдында Еркебұланның жаттықтырушысы Әлішер Ертай дайындық барысын көрсетті.

Жаттықтырушы қарсыластың кездесулерін көріп, зерттегенін, құлаштап жақсы соққы жасай алатынын байқағанын айтып, соған дайындалғанын атап өтті.

«Өзіміздің қойған тактикамыз да бар. Сол балаға дайындалдық. Қалай ұруға болады, қандай жері бар екен деп зерттедік. Өз ойымда болжамым бар, қазір айтпай-ақ қояйын», – деді ол.

26 тамыз пресс-конференция, 27-і салмақ өлшеу рәсімі өтеді. Кездесудің өзі 28 тамызға жоспарланған. Бокс кешінде кәсіби былғары қолғап шеберлері, әлем чемпиондары Санжар Тәшкенбай мен Сәкен Бибосынов та өнер көрсетеді.

Сондай-ақ оқыңыз