Қос некесінен туған балаларымен Түркияда жүрген Айқын көптің ықыласына бөленді

Жарияланды 25 Тамыз 2026 15:41

Торғын Қабен

Торғын Қабен

Айқын
фото: видео кадры/ instagram

Әнші Айқын Төлепберген жаздың соңғы күндерін әулетімен Түркияда өткізіп жатыр. Бастапқыда шетелге ата-анасы мен әйел, бала-шағасын жіберген. Біраз күннен кейін елдегі жұмыстарын аяқтап ақыры өзі де аттанды.

Бүгінде әнші балаларымен қауызға шомылып, ұлы Санжардың туған күнін атап өтіп жүр. Айқынның жанында өзінің алғашқы некесінен туған балалары да жүр. Демалысты бақылап отырған жұрт балалар әкесінен аумай қалғанын айтып жатыр.

Желі қолданушылары әншінің балаларды бөліп-жармай бірге қыдыртып жүргеніне риза. Тіпті бірі Айқын сұхбаттарының бірінде әр балаға пәтер алып қойғанын айтқанын еске алып, үлгілі әке екенін атап өткен. Сол пікірге жауап жазған әнші жуырда Ару қызына да үй алып бергенін жеткізді. Тіпті біреулер Айқынға «бес жұлдызды әке» деген айдар таққан.

Кей қолданушылар балаларды ажыратпай алып жүрген Жұлдыздың даналығына назар аударып, сүйсіне қарауда.

Бұған дейін әнші жаңа шаш үлгісі үшін әдейі шашын алмай жүргенін айтқан.

Сондай-ақ оқыңыз