Баян Алагөзова: «Тұрсынның бірінші әйелімен араласуға қарсы емеспін»

Жарияланды 3 Қыркүйек 2026 09:37

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
Фото: instagram

Белгілі продюсер Баян Алагөзова журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында жолдасы Тұрсынғали Алагөзовтің бұрынғы отбасымен және бұрынғы әйелімен араласу мәселесіне қатысты пікір білдірді.

Сұхбат барысында журналистің «Тұрсын мырзаның бірінші әйелімен бір дастарқанда отыруыңыз мүмкін бе?» деген сұрағына продюсер ешқашан үзілді-кесілді «жоқ» деп айтпайтынын жеткізді.

«Ешқашан «ешқашан» демеу керек. Егер барлығы ақылға қонымды, мәдениетті түрде болса, ұрыс-керіссіз, ренішсіз болса, мен мүлдем қарсы емеспін. Болашақта балалардың тойы болады, қуанышты сәттер болады. Балаларды «әкесінікі» немесе «анасыныкі» деп бөлуге болмайды, олар – ортақ балалар. Мен ол кісінің (бұрынғы әйелінің) қуанышты сәттерде балаларының жанында болуын және бәріміздің өркениетті түрде араласқанымызды қалаймын», – деді Баян Алагөзова.

Сондай-ақ продюсер өткен күннің өкпе-ренішін артқа тастап, бейбітшілік пен достықты жақтайтынын атап өтті.

«Өткен күн – сағым. Мен барлық реніштерді ұмытып, босаттым. Мен тек татулық пен достықты қалаймын», – деп түйіндеді сөзін продюсер.

Еске сала кетейік, бұған дейін Тұрсынғали Алагөзов бұрынғы әйелімен бірге шетелде демалып жүр деген қауесет тараған еді.

Сондай-ақ оқыңыз