
Қырғызстанда өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ шабандоздары Аламан бәйгеде топ жарды. 25 шақырымға созылған жарыста барлық жүлдені Қазақстан алды, деп хабарлайды KursivMedia.
Алтын медаль 21 нөмірлі шабандоз мінген «Айман» жүйрігіне бұйырды. Аламан бәйгенің жүлде қоры да қомақты. Бірінші орын үшін – 1,5 млн сом. Бұл шамамен 7,5 млн теңгеге тең. Екінші орын үшін 1 млн сом болса, үшінші орынға 500 мың сом беріледі.
Айта кетейік, көпшенділер ойындарында үш күнде қазақстандық спортшылар 34 медаль алды. Оның ішінде 16 алтын, 8 күміс және 10 қола бар.