
Танымал испаниялық әнші Энрике Иглесиас Астанадағы концертінен кейін тыңдармандарына үндеу жасады, деп хабарлайды Kursiv.media.
Елордадағы концерттен кейін өнер иесі Instagram парақшасында жазба жариялады.
«Астана!!! Қазақстандағы алғашқы шоуымды ұмытылмас еткендеріңіз үшін рақмет!», – деп жазды әнші.
Өз кезегінде қазақстандықтар да өнер иесіне алғысын білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді.
«Рақмет, Энрике, Gracias, Enrique, Франциядан Қазақстанға арнайы келіп, халықтың сізге деген сүйіспеншілігіне куә болу керемет сезім болды, Тамаша кеш үшін рақмет, Бұл керемет болды! Арманым орындалды! Энрике, өтінемін, музыка жазуды ешқашан тоқтатпа, 100 жасқа келгенше ән айта бер! Концертіңе тағы да барғым келеді, Келешекте тағы күтеміз, әндеріңіз әдемі!», – деп пікір қалдыруда астаналықтар.
Еске салайық, 3 қыркүйекте Астанадағы «Астана Арена» стадионында әлемге әйгілі әнші Enrique Iglesias-тің концерті өтті.
Ал Алматыдағы концерті 5 қыркүйекте Орталық стадионда өтеді. Іс-шара сағат 20:00-де басталады. Алматыда Энрике Иглесиастың концертінен кейін тегін шаттлдар ұйымдастырылады.