
Қазақстан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жалпыкомандалық есепте көш бастап тұр.
4 қыркүйек қорытындысы бойынша ел спортшылары 55 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 25 алтын, 13 күміс және 17 қола медаль бар.
Екінші орында Қырғызстан құрамасы келеді. Қырғыз спортшыларының қоржынында 58 медаль бар: 23 алтын, 24 күміс және 11 қола.
Үшінші орынды Ресей құрамасы тұр: 4 алтын, 6 күміс және 13 қола.
Қазірге дейін Қазақстан спортшылары көшпенділер ойындарына енгізілген 42 спорт түрінің 31-інен жарыстарға қатысты. Спортшылар аударыспақ, қазақ күресі, алыш, армрестлинг, самбо, арқан тарту, дәстүрлі садақ ату, ат жарыстары, құсбегілік және басқа да спорт түрлерінен жүлдеге ие болды.
Қазақстан спортшылары әлі 11 спорт түрі бойынша сынға түседі.
Бұған дейін қазақ шабандоздары Аламан бәйгеде топ жарды. 25 шақырымға созылған жарыста барлық жүлдені Қазақстан алды.