Көшпенділер ойындарында көкпардан финал нешеде басталады

Жарияланды 5 Қыркүйек 2026 18:20

Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General news бөлімінің аға журналисі a.taubay@kursiv.media
Қазақстан мен Қырғызстан құрамасы финалда кездеседі

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпар мен көк бөрүден финал 6 қыркүйекте өтеді. Финалда Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары кездеседі.

Алдымен көк бөрүден финал өтеді. Ойын Шолпан-Атадағы «Көк бөрү» аренада сағат 10:00-де басталады. (Қазақстан уақытымен сағат 9:00) Көк бөрү 15 минуттан үш таймға жалғасады.

Ал көкпардан финал Қырғызстан уақытымен сағат 12:00-13:30 арасында өтеді деп жоспарланған. Қазақстан уақытымен 11:00-де басталады. Көкпарда екі таймды 20 минуттан ойнайды.

Айта кетейік, 5 қыркүйекте көкпардан Ресей мен Өзбекстан құрамалары кездесіп, үшінші орынды Ресей алды.

Ал көк бөрүден үшінші орынға Ресей мен Тәжікстан құрамалары таласты. Нәтижесінде Ресей командасы үшінші орын алды.

Көкпар мен көк бөрү айырмашылығы

«Көк бөрү» мен «көкпар» – түбі бір, мағынасы ортақ, бірақ географиясы, ережелері мен халықаралық форматы жағынан айырмашылығы бар ұлттық ат спорты түрлері.

Лингвистикалық тұрғыдан «көкпар» сөзі дәл осы «көк бөрү» (көк бөрі) тіркесінен шыққан. Ертеде көшпенділер малға шапқан қасқырды соғып алып, денесін ат үстінде таласып тартысқан. Уақыт өте келе бөрінің орнына серке тартылатын болып, ойын атауы өзгерді.

Көк бөрүде алаңның екі шетіне биіктігі 1,2 метр болатын арнайы тас ошақ – тайқазан қойылады. Шабандоз серкені осы тайқазанның ішіне түсіруге тиіс.

Ал көкпарда тайқазан атымен жоқ, оның орнына жерде диаметрі 3 метрлік мәре шеңбері сызылады.

Толығырақ мына жерден оқи аласыз.

Сондай-ақ оқыңыз