
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпар мен көк бөрүден финал тікелей эфирде көрсетіледі.
Алдымен көк бөрүден финал өтеді. Ойын Шолпан-Атадағы «Көк бөрү» аренасында сағат 10:00-де басталады (Қазақстан уақытымен — 09:00).
Ал көкпардан финал Қырғызстан уақытымен сағат 12:00–13:30 аралығында өтеді деп жоспарланған. Қазақстан уақытымен ойын 11:00-де басталады.
Тікелей эфирді мына жерден көре аласыз.