Даудан кейін Қырғызстан тоғызқұмалақтан жеңімпаздар тізімін жариялады

Жарияланды 7 Қыркүйек 2026 07:04

Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General news бөлімінің аға журналисі a.taubay@kursiv.media
Көшпенділер ойындары аяқталды

Көшпенділер ойындарындағы алтын санына қатысты шудан кейін Қырғызстанның спорт мемлекеттік агенттігі жазба жариялады. Бұған дейін Қазақстанның Туризм және спорт министрлігі ел қоржынында 32 алтын барын, ел командалық есепте көш бастап тұрғанын мәлімдеді. Алайда ойындарды ұйымдастырған Қырғызстан 30 алтынмен өзін жеңімпаз деп жариялаған. Желі қолданушылары ұйымдастырушылардың тоғызқұмалақтан жеңісті есепке алмай отырғанын жазған.

Қырғызстанның спорт агенттігінің хабарлауынша, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында тоғызқұмалақтан қазақстандықтар көш бастап тұр.

Тоғызқұмалақ

Әйелдер арасындағы жеке есеп:

1-орын — Мөлдір Серікқызы (Қазақстан);
2-орын — Аружан Салман (Қазақстан);
3-орын — Гүлжамал Сарыкеева (Қырғызстан);
3-орын — Намуджизи Лилиан (Уганда);
5-орын — Адина Асеева (Қырғызстан);
6-орын — Гүлзат Кокооева (Польша);
7-орын — Элен Нефтлейшова (Чехия);
8-орын — Гонсалес Нуньес Нерер (Испания);
9-орын — Сара Гонсалес Меринеро (Испания).

Ерлер арасындағы жеке есеп:

1-орын — Ерасыл Дуталипов (Қазақстан);
2-орын — Айдин Зиякиев (Қазақстан);
3-орын — Бимбет Сейдахматов (Қырғызстан);
3-орын — Темирлан Нурбеков (Қырғызстан);
5-орын — Болатбек Шигебай (Моңғолия);
6-орын — Даниэль Алехандро Чилито Хирон (Колумбия);
7-орын — Богдан Журавлев (Ресей);
8-орын — Павел Нога (Чехия);
9-орын — Эрик Робаковский (Польша).

Әйелдер арасындағы командалық есеп:

1-орын — Қазақстан;
2-орын — Қырғызстан;
3-орын — Моңғолия;
4-орын — Ресей.

Ерлер арасындағы командалық есеп:

1-орын — Қазақстан;
2-орын — Қырғызстан;
3-орын — Уганда;
4-орын — Испания.

Алайда ұйымдастырушылар көшпенділер ойындары медаль санап жарысатын іс-шара емес деп мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз