iPhone 18 және жаңа AirPods бағасы Қазақстанда қанша тұрады

Жарияланды 10 Қыркүйек 2026 12:19

Азамат Серікхан

Азамат Серікхан

General news бөлімінің аға журналисі a.serikkhan@kursiv.media
Асет Смагулов

Асет Смагулов

LifeStyle бөлімінің журналист a.smagulov@kursiv.media
Стали известны цены на осеннюю линейку Apple в Казахстане
Фото: apple.com, бильд-редактор: Милош Муратовский

Apple компаниясы күзгі ауқымды тұсаукесерін өткізіп, алғашқы бүктелмелі iPhone Duo, жаңа iPhone 18 Pro және 18 Pro Max, Apple Watch Series 12 және Ultra 4, сондай-ақ AirPods 5 құрылғыларын таныстырды. Енді жаңа модельдердің қазақстандықтарға шамамен қанша теңгеге түсетіні белгілі болды. Kursiv LifeStyle құрылғылардың алдын ала бағасын теңгеге шақтап есептеп көрді.

Бірден атап өтейік: төменде көрсетілген бағалар Қазақстандағы ресми құн емес. Бұл – материал жарияланған сәттегі 1 доллар = 455,1 теңге бағамы бойынша АҚШ-тағы бағаларды қарапайым есептеу нәтижесі. Салық, жеткізу шығындары мен сатушылардың үстемеақысы ескерілмеген. Сондықтан Қазақстандағы нақты баға өзгеше болуы мүмкін. Бұл тек шамамен болжам ретінде ұсынылып отыр.

Жаңа топтамадағы ең қымбат құрылғы – бүктелмелі iPhone Duo. Оның 256 ГБ жады бар нұсқасының бағасы шамамен 910,2 мың теңгеден басталады. 512 ГБ нұсқасы – шамамен 1 млн теңге, 1 ТБ – 1,18 млн теңге, ал 2 ТБ жады бар модельдің бағасы 1,46 млн теңгеге жуық.

iPhone 18 Pro моделінің 256 ГБ нұсқасы қайта есептегенде шамамен 546,1 мың теңге тұрады. 512 ГБ нұсқасы – 637,1 мың, 1 ТБ – 819,2 мың, ал 2 ТБ – шамамен 1,09 млн теңге.

iPhone 18 Pro Max моделінің бастапқы бағасы шамамен 591,6 мың теңге. 512 ГБ нұсқасы – 682,7 мың, 1 ТБ – 864,7 мың, ал 2 ТБ жады бар нұсқасы шамамен 1,14 млн теңге болады.

Смарт-сағаттардың ішінде Apple Watch Ultra 4 бағасы жинақталуына қарай шамамен 364-409,6 мың теңге аралығында. Ал Apple Watch Series 12 бағасы алюминий корпусындағы нұсқа үшін шамамен 182 мың теңгеден басталып, керамикалық модельде 432,3 мың теңгеге дейін жетеді.

Жаңа AirPods 5 бағасы осы есеппен 59,2 мың теңгеден басталады. Ал шуды басу функциясы мен сымсыз қуаттау мүмкіндігі бар нұсқасы шамамен 68,3 мың теңге тұрады.

Өткен жылы шыққан модельдердің бағасында да өзгеріс бар. АҚШ-та iPhone 17, iPhone Air және iPhone 17e бағасы 100 долларға қымбаттап, сәйкесінше 900, 1100 және 700 доллардан басталады. Қазақстан теңгесіне шаққанда бұл шамамен 409,6 мың, 500,6 мың және 318,6 мың теңге.

Әзірге бұл – америкалық бағаларды жай ғана теңгеге айырбастау арқылы есептелген болжамды бастапқы бағалар. Қазақстандағы нақты баға бұдан жоғары болуы мүмкін. Айта кетейік, Қазақстанда Apple-дің ресми дүкендері әлі де жоқ.

Еске салайық, Apple iPhone 18 Pro және iPhone 18 Pro Max смартфондарымен қатар, өзінің алғашқы бүктемелі смартфонын iPhone Duo-ны таныстырды. Жаңа құрылғы «кітапша» форматында жасалған.

Сондай-ақ оқыңыз