
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісімін берді. Бұл туралы министр әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Министрдің сөзінше, мұндай шешімді біраз уақыт бұрын қабылдаған.
«Бұл туралы ашық айтуды маңызды деп санаймын. Денсаулық сақтау министрі болғаным үшін емес, әрқайсымыздың бір күні өзіміз немесе жақын адамымыз үшін осындай шешім қабылдау қажеттілігіне тап болуымыз мүмкін болғандықтан қабылдадым», – деп жазды Әлназарова.
Қазірге дейін елде шамамен 184 мың адам өз еркін білдіруін eGov арқылы тіркеп қойған.
Ал күту парағында 4 867 отандасымыз тұр:
- 4 311 адамға – бүйректі трансплантаттау қажет;
- 212 адам – жүрек трансплантаттау қажет;
- 314 адам – бауыр трансплантаттау қажет;
- 30 адам – өкпе трансплантаттауын күтіп жүр.
Айта кетейік, 21 мамырдағы мәлімет бойынша, елімізде ағза ауыстыру операциясын күтіп жүрген 4 739 пациент бар. Олардың қатарында 125 бала бар.