
19-20 қыркүйек күндері Алматының орталығы – Арбатта дәстүрлі Kitap Fest кітап жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Kursiv.Media қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Биылғы әдеби фестивальге 60-тан астам баспа қатысып, өнімдерін қала тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынады. Шара аясында оқырмандар белгілі ақын-жазушылармен жүзбе-жүз кездесіп, пікір алмасуға мүмкіндік алады.
Kitap Fest жобасының басты мақсаты – әдебиетсүйер қауымның басын қосу, оқырмандарды соңғы шыққан жаңа кітаптармен таныстыру және халық арасында кітап оқу мәдениетін кеңінен насихаттау.
Қала тұрғындары 19–20 қыркүйек күндері сағат 10:00 – 18:00 аралығында жаңа әдеби туындылармен танысып, сүйікті авторларымен кездесіп, кітаптарын сатып ала алады.