
Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова үйінің қасбетіне жөндеу жұмыстарын жасаған құрылысшыларға назын айтып, халыққа шағымданды, деп хабарлайды Kursiv.LifeStyle.
Айтуынша, құрылысшылар үйін 4 ай бойы жөндеген. Әнші оларды үйінің жанында қондырып, 55 млн теңге төлеген. Алайда жөндеу жұмыстарына 1 жыл болмай-ақ үйдің қасбеті қирап түсе бастаған.
«Еркегі жоқ, жесір әйел» деп басынғаны ма? Мен ол бригадирді білемін… Қалай жыламайсың енді. Әттең, Зәкең жоқ, бастарын тура жұлып алатын еді», – деді әнші.
Әнші өзінің құрылысшыларды танитынын, алайда олармен соттасуға уақыты жоқ екен айтты. Тек олардың осы әрекетін халық білсін деген оймен жария еткенін айта кетті.
Жүнісова жариялаған видеодан үйдің қасбетінің бірнеше жерден ажырап, түсіп жатқанын көруге болады.
Оқи отырыңыз: Мақпал Жүнісова «Барыс» орденімен марапатталды