Танымал блогер Айтуғанның әйелі күйеуінің көңілдесі бар екенін қажылықта білген

Жарияланды 14 Қыркүйек 2026 14:49

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General news бөлімінің аға журналисі s.ostemir@kursiv.media
@laura_lessbek/бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Блогер Айтуғанның бірінші әйелі Ильнура күйеуінің көңілі басқа сұлуда екенін қажылықта, Мекке қаласында білген. Бұл туралы ол Лаура Лесбектің подкастында айтқан.

 «Олар үш жыл жүрді. Мен бір жылдан кейін білдім. Сезіп жүрдім. «Бірдеңе дұрыс емес. Екеуі сөйлесіп жүрген сияқты» деймін. Өйткені, екеуінің стористерін салыстырып қараймын. Екеуі бірдей жерде жүреді. Бірдей жерде тамақ ішіп жатады. Бірақ бірге түскен фотоларын салмайды», – дейді блогер.

Ол өзімен құрдас қайын сіңлісіне күмәнін жасырмай айтады. Ол болса, «олай емес шығар, күйеуіңді сағынып жүрсің» деп басу айтумен шектеліпті. Бұдан кейін ол бұл тақырыпты қайта қозғамаған.

«Сол жылы біз қыркүйек айының соңына таман Меккеге баратын болдық. Олар да – Әсел де мама-папаларымен барды. Меккеде жүрген кезде Айтуған оған қарай береді. Басқаша қарайды. Мен сездім. Қасында келе жатқан мені мүлде көрмейді. «Неге олай қарайсыз?» деп сұрадым. Ол «қараған жоқпын» деп мойындамаған. «Оның исламнан ілімі аз. Сен көп білесің» деп уәж айтты», – деді ол.

Еске сала кетсек, Айтуған Ғалымовтың заңды некедегі әйелі бола тұра тоқал алғаны туралы видео тарады. Желі қолданушылары Erkewoka есімімен танымал блогердің екінші әйелі болғанын жазды. Бұған блогер Айтуғанның өзі: «Иә, менің екі отбасым бар. Иә, менің 15 миллион қарызым бар» деп жауап берген.

Ал блогер Дәмелі тойында күйеу жігітке тосынсый жасаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз