Кісі өлтіріп, қыз зорлаған жоқ: Гүлзира Айдарбекова Нұрсұлтан Жақсыгенге араша түсті

Жарияланды 16 Қыркүйек 2026 17:09

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General news бөлімінің аға журналисі s.ostemir@kursiv.media
instagram.com/gulziraaidarbekova, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова бүгін сот үкімі шыққан актер Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты пікір білдірді, хабарлайды Kursiv.media.

Продюсердің сөзінше, Жақсыгенге қатысты жаза тым қатаң. Ол актердің отбасын да ескеруді сұраған.

«Мүмкіндік болса, соншалықты қатыгездік танытпауға да болар ма еді. Ортада бала-шағалары бар шығар. Кісі өлтіріп, қыз зорлап, ұрлық жасаған жоқ. Жеңілдеткені дұрыс-ау, кімнің басынан не өтпейді. Ешқайсыңыздың бала-шағаңыздың басына бермесін», – деп жазды Айдарбекова.

Ол Жақсыген жазасын толық өтеуі керек екенін айтқанымен, мерзімді жеңілдету мәселесін көтерді.

«Жазасын алу керек, бірақ кішкене жеңілдетіп, 2 жарым жыл емес, 1 жыл да жеткілікті ме дегенім ғой. Ол жақтан түзеліп емес, қаныпезер болып бұзылып келуі де мүмкін ғой», – деді продюсер.

Айдарбекова актерді жыға танымайтынын да атап өтті.

«Сырттай көріп жүргенім болмаса, аса бір танымайды екенмін. Қандай адам екенінен де хабарым жоқ. Әйтеуір ата-анасы бар, бала-шағасы бар, ешкім жыламаса дегенім ғой», – деп жазды ол.

Мұның алдында Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың құпиясын ашып ролик түсіргендерге таң қалды.

Сондай-ақ оқыңыз