
Әнші Арман Қоңырдың әлеуметтік желіге салған соңғы суреттері «threads» желісінде көптің талқысына түсіп жатыр. Желі қолданушылары Арман Қоңыр мен модель Айдана Рахымбаева бір жерде жүргенін және бір локациядан сурет салғанын байқап қалған, деп жазады Kursiv.Media.
Жазбаның астына пікір қалдырғандардың көбі бұған сене алар емес. Кейбірі екеуінің арасында сезім болуы мүмкін деп ойласа, кейбірі мұны тек сәйкестік шығар деп ойлайды.
«Арман шет елде басқа қызбен жүрғой. Аша екеуі ажырасып кеткен еді ма?», «Баян ханым Аша ауыр кезеңді бастан кешіріп жүр деп айтқан еді, мүмкін осы шығар (ред.) – деп жазуда оқырмандар
Айта кетейік, Аша Матай мен Арман Қоңыр ажырасып кеткені туралы әңгіме 2021 жылдан бері айтылып келеді. Жұптың жанкүйерлері олар бірге түскен суреттерін жариялауды тоқтатып, тек балалары түскен суреттерді бөлісе бастағанын байқаған.
Ал жұлдызды жұп араларында болып жүрген қарым-қатынасқа байланысты ешқандай түсініктеме бермеген.
Бұған дейін Аша Матай өзін Құрылтай сайлауына кандидат ретінде ұсынған еді. Кейін оның айналасында қызу пікірталас өрбіген.