
Еурокомиссия 13 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға толық тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды Kursiv.LifeStyle.
Жобаға сәйкес, 13–15 жастағы балалардың аккаунттарында ата-ана бақылауы болуы керек. ВВС ақпаратына сүйенсек, балаларды интернеттегі қауіп-қатерден қорғауға бағытталған жоспарды Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен таныстырды.
Сонымен қатар 18 жасқа толмағандар пайдаланатын әлеуметтік желілер, видеосервистер, онлайн ойындар, жасанды интеллект көмекшілері мен чат-боттарға рұқсат етілетін және тыйым салынатын функциялар тізімі енгізілмек.
«Бүгінде балалардың әл-ауқаты мен дамуын ескермей жасалған ең күрделі технологиялармен жұмыс істеп жүр», – деді Урсула фон дер Ляйен.
Еурокомиссияның ұсынысын алдағы айларда Еуропалық одақ елдері мен Еуропарламент келісуі керек.
Айта кетейік, бұған дейін Франция балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануына жаңа шектеу енгізуге мүдделі екенін жазған едік.