«Ешкім күтпеген дуэт»: Мақпал Жүнісова мен Тұрар Ыдырыс бірге ән айтты (видео)

Жарияланды 21 Қыркүйек 2026 09:54

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
фото: видеодан скрин

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова мен 2Rar лақап атымен танымал әнші Тұрар Ыдырыс сахнада бірге өнер көрсетіп, тыңдармандарын ерекше дуэтпен таңғалдырды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Өнер иелерінің бірлескен қызған биі мен әні түсірілген видеоны әлеуметтік желіге әнші Нұрлыбек Нағметов жүктеді.

«Меніңше, бұл тыңдармандар үшін күтпеген дуэт болды», – деп жазды ол.

«Хит болайын деп тұр»: Желі қолданушыларының реакциясы

Тұрар Ыдырыс та өз кезегінде аңыз әншімен түскен видеосын парақшасына орналастырып, аға буын өкіліне деген құрметін білдірді:

«Аңыз адам. Сiздi жақсы көремін, Мақпал Жүнісова!» – деп жазды жас әнші.

Желі қолданушылары Мақпал Жүнісованың сахнадағы тоқтаусыз энергиясы мен биіне тәнті болды:

«Күтпеген коллаборация болды!» «X буыны мен Z буынының тоғысуы! Өте керемет үйлесім, браво!» «Қандай ғажап дуэт, энергиясы сұмдық!» «Жасы 60-тан асса да, билеуі қандай керемет, нағыз хит болайын деп тұр!» – деп жазды оқырмандар.

Ерекше дуэт желіде тез тарап, өнерсүйер қауымның ыстық ықыласына бөленіп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз