КешYOU тобының 20 жылдық мерейтойлық концерті Бішкекте өтеді

Жарияланды 21 Қыркүйек 2026 09:29

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
фото: instagram

КешYOU тобы 20 жылдық мерейтойына арналған кезекті концертін Бішкекте өткізеді. Бұл туралы топтың продюсері Баян Мақсатқызы мәлімдеді.

Продюсердің айтуынша, Астанада өткен мерейтойлық концерттен кейін топ енді Қырғызстан астанасында өнер көрсетпек. Баян Мақсатқызы Бішкектегі концерт туралы жаңалықты көпшілікке өзі жеткізді.

КешYOU биыл құрылғанына 20 жыл толуын атап өтіп жатыр. Осыған орай топ бұған дейін Астана мен Алматыда ауқымды концерт ұйымдастырған еді. Енді мерейтойлық бағдарламаны Бішкек көрермендеріне ұсыну жоспарланып отыр.

Әзірге Бішкектегі концерттің нақты күні мен өтетін орны туралы ақпарат жарияланған жоқ.

КешYOU – Қазақстандағы ұзақ жылдар бойы сахнадан түспей келе жатқан қыздар топтарының бірі. Әр жылдары оның құрамында отандық шоу-бизнесте танылған бірнеше әнші өнер көрсетті.

Сондай-ақ оқыңыз