Танымал стендапер Джавид Курбанов Астананың келбеті адам танымастай өзгергенін айтты

Жарияланды 21 Қыркүйек 2026 12:19

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General news бөлімінің аға журналисі s.ostemir@kursiv.media
youtube.com/@sheinkin40, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Әзербайжандық танымал стендапер Джавид Курбанов Астананың соңғы он жылда қалай өзгергенін айтты, деп хабарлайды Kursiv.media.

Оның сөзіне қарағанда, Астана тағы да он жылды артқа тастаса, Азия құрлығындағы ең жасыл қалалардың біріне айналмақ.

«Әлемнің кіндігі – Астанада Бәйтерек ағашы өсіп тұр. Оған сиқырлы Самұрық құс ұя салған. Алтын жұмыртқасы әлемге жарық сәуле түсіріп тұрады. Он жылдан соң мен Астанаға қайта келдім. Әуежайдан түскенде көзіме түскен нәрсе, ғажайып ғимараттарды көрдім. Бірақ мені қатты таңырқатқаны – қаланың жасыл-желегі», – деді стандапер.

Оның пікірінше, астаналықтар керемет іс тындырған. Бүкіл қалаға көшет отырғызған. Он жыл ішінде көшеттер жайқалып өсіп, мүлде басқа шаһарға айналған. Күнде көріп жүрген соң, астаналықтардың өзі бұл өзгерісті көп аңғармауы мүмкін.

 «Қаланың келбеті адам танымастай өзгерген. Тағы да он жыл өткен соң, Астана Азиядағы ең жасыл қалалардың біріне айналады», – деп болжам жасады Джавид Курбанов.

Айта кететін жайт, биыл Астанада миллионнан астам жасыл желек отырғызу жоспарланып отыр. Көгалдандыру кампаниясы аясында елордада 70 мың ағаш, 250 мыңнан астам көпжылдық гүл және 500 мың бұта егіледі.

Сондай-ақ оқыңыз