
Айдана Меденова КешYOU-дің Астанада өткен концертіне неліктен қатыспағаны белгілі болды, деп хабарлайды Kursiv.media.
Бұл туралы әлеуметтік желі арқылы продюсер Бағым Мақсатқызы мәлімдеді.
«Айдана Меденова қатыса алмады. Өйткені, оның графигі жарты жыл бұрын жазылып қойған. Шүкір деу керек. Ол – үш баланың анасы. Сіздер сан-саққа жүгіртіп жатырсыздар. Бірақ ол жай ғана үлгермеді. Өйткені, ол – ана», – деді Бағым Мақсатқызы.
Продюсер мән-жайды түсіндіріп жатқанда, оның қасында әншінің өзі тұрып, оның әрбір сөзін растады.
Айта кететін жайт, КешYOU биыл құрылғанына 20 жыл толуын атап өтіп жатыр. Осыған орай топ бұған дейін Астана мен Алматыда ауқымды концерт ұйымдастырған еді. Енді мерейтойлық бағдарламаны Бішкек көрермендеріне ұсыну жоспарланып отыр.