Джиган қызметшілеріне оқ жаудырғанын жоққа шығарды

Жарияланды 23 Қыркүйек 2026 15:06

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General news бөлімінің аға журналисі s.ostemir@kursiv.media
instagram.com/iamgeegun, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Ресейлік рэпер Джиган (шын есімі – Денис Устименко-Вайнштейн) 23 қыркүйекте БАҚ таратқан ақпаратты терістеді, деп хабарлайды Kursiv.media.

Mash ақпаратына қарағанда, ол шілде айында Мәскеу облысындағы үйінде оқ атқан. Қызмет көрсетуші персоналды жинап, оларды сатқындық жасады пен ақпаратты сыртқа таратты деп айыптаған. Сондай-ақ «қылмыстарын» мойындауды талап еткен деседі. Жиган үйінде қызмет көрсетушілерді, күзетшілерді шамамен он сағат бойы кепілде ұстаған. Сосын кетуін өтініп, арттарынан оқ жаудырған. Сондай-ақ бірқатар басылымдар бұл оқиға кезінде рэпердің блогер Оксана Самойловамен некесінен туған төрт баласы да болғанын мәлімдеді.

Super порталына пікір білдірген Джиган атыс туралы хабарламаларды жоққа шығарып, оларды арандатушылық әрі өтірік деп атады. Айтуынша, ол қазіргі уақытта Израильде ем қабылдап жатыр. Ал желіде пайда болған видеолар жаңа трек үстіндегі жұмыс аясында түсірілген.

 «Қалағанын жаза берсін. Сниппет түсіріп едім, ал хейтерлер бәрін бұрмалап жіберді», – деді 41 жастағы рэпер.

Ал АҚШ-та 30 жылдан кейін рэпер Тупак Шакурдың өліміне қатысты сот процесі басталған еді.

Сондай-ақ оқыңыз