
Жауынгер әрі актер Еркебұлан Тоқтар бет терісін күтіп, неліктен крем жағатынын түсіндірді, деп хабарлайды Kursiv.media.
Әрине, бұл жайт көпшіліктің бәріне бірдей ұнамаған. Әйелдерге теңегендер де болды. Хейтерлердің арасынан «ақыретте әйелдердің қатарында тұрып қалма» деп кеңес берген де табылды.
«Бұл мені уайымдап тұрған жоқ. Бетіме крем жағатынымды келемеждеп тұр. Біріншіден, өзіңді биік қоймай-ақ қойшы. Анаң да әйел адам ғой. Олар бізден төмен бе? Анаңды төмен санайсың ба? Сен өзіңді уайымдашы. Бетіме крем жақсам, бұл да – Алланың аманаты. Берген терісін күтіп, өзіне қайтарып беруің керек», – деді Еркебұлан Тоқтар.
Айта кететін жайт, актер Гелендваген көлігін сатпай інісіне сыйлады.