Мұғалім тоқ ішегін тексертемін деп ана тілінде сөйлеуден қалған

Жарияланды 28 Қыркүйек 2026 09:00

Ерлан Ысқақов

Ерлан Ысқақов

Аға журналист ye.iskakov@kursiv.media
Юлия Петрова

Юлия Петрова

Health бөлімінің тілшісі
Фото: Shutterstock, бильд-редактор: Дастан Шанай

Ағылшын тілінен сабақ беретін ресейлік бір мұғалім наркоз салып, колоноскопия (көтен ішекке эндоскопиялық зонд енгізіп тексеру) жасатқан соң орыс тілін ұмытып қалған, деп хабарлайды Mash Telegram-арнасы.

Клиникадағы эндоскопист дәрігердің айтуынша, аталған медициналық процедурадан өткен 28 жастағы ер адам бұған дейін ешқашан наркоз алмаған екен. Процедура аяқталғаннан кейін ол біраз уақыт оянбай жатқан. Ал оянып, есін жиған бойда ана тілінде емес, тек ағылшынша сөйлей бастаған.

Дәрігерлер оның жағдайын қалпына келтіруге тырысып, қасынан кетпей, бір сағаттай қам жасаған. Алайда түк шықпаған соң әйелін шақыртып, жағдайды түсіндірген, бірақ ол да көмектесе алмаған: ер адам ағылшынша сөйлеп, арасында дауыс көтеріп, айналадағыларға бірдеңе түсіндіруге әрекеттенген. Содан арада бірнеше сағат өткенде дәрет сындырғысы келетінін айтамын дегенде орысша тіл қатқан деседі.

Наркоздың әсері

Медициналық деректерге сенсек, ілуде бір кездесетін мұндай жағдайлар «шет тілі синдромы» деп аталады: оған душар болған адам ана тілін уақытша ұмытып, бұрын меңгерген екінші тілінде ғана сөйлей бастайды. Осындай жағдайды бастан өткерген 17 жастағы бір пациент ортопедиялық отадан кейін нидерланд тілінде сөйлей алмай, шамамен бір тәулік бойы тек ағылшынша тілдескен екен.

Мұндай өзгерістің нақты неден болатынын дөп басып айту қиын. Мамандар оны операциядан кейінгі делирий, яғни анестезияның әсері қайтқан кезде науқастың толық ес жия алмай, мәңгіріп қалатынымен байланыстырады.

Сондай-ақ оқыңыз