Apple биыл 6 миллионға жуық бүктемелі iPhone Duo сатады – Counterpoint болжамы

Жарияланды 30 Қыркүйек 2026 14:55

Азамат Серікхан

Азамат Серікхан

General news бөлімінің аға журналисі a.serikkhan@kursiv.media
Фото: Apple.com

Apple Inc. биыл шамамен 6 млн жиналмалы iPhone Duo смартфонын сатады. Counterpoint Research аналитикалық компаниясы осындай болжам жасады. Бұл туралы Kursiv.Media «Интерфакс-Қазақстан» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Apple компаниясы алғашқы жиналмалы iPhone Duo смартфонын 9 қыркүйекте таныстырды. Ал сатылымы 23 қазанда басталады. Бағасы 1 999 доллардан басталады.

iPhone Duo Apple смартфондары арасындағы ең үлкен экранға және рекордтық деңгейде жұқа корпусқа ие. Құрылғы кітапша сияқты ашылады. Ашылған кезде экран диагоналі 7,6 дюйм, ал жиналған күйінде сыртқы экранның диагоналі 5,4 дюйм болады.

IDC зерттеу компаниясының бағалауынша, 2026 жылы жиналмалы құрылғылардың жеткізілімі 13%-ға өсіп, 22,9 млн данаға жетеді. Бұл өсімге Apple компаниясының нарыққа шығуы айтарлықтай әсер етпек.

Зерттеушілердің айтуынша, iPhone Duo шықпағанда, жиналмалы смартфондар нарығы биыл керісінше төмендер еді.

Бұған дейін, Қазақстанда iPhone 18-дің бағасы АҚШ-тан 60 пайызға қымбат сатылып жатқанын жазғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз